Алдағы IPO-ға қалай инвестиция жасаймыз?

Егер ҚазМұнайГаз IPO-сына инвестиция жасаймын деп шешім қабылдасаңыз, ең алдымен брокерлік шот ашу керек.

1-қадам: Брокерлік шот ашыңыз.

  1. Jusan қосымшасын жүктеп алыңыз; 
  2. Қосымшадағы Инвестициялар бөлімінде тіркеуден өтіңіз (брокерлік шот осылай ашылады)

Jusan Invest-те шот ашу және оның жүргізу - тегін.

2-қадам: Қанша ақша инвестициялайтыныңызды анықтап алыңыз.

Инвестиция мөлшеріне тоқталатын болсақ, бұл мәселеде көпшілік арасында ең танымал әрі тексерілген әдіс - ол тәуекел етіп жұмсауға дайын соманы ғана инвестициялау керек.

Ешқандай сұрауы жоқ “еркін” ақшаны инвестицияға құйған дұрыс. Яғни, күнделікті жұмсайтын емес, жинап қоюға арналған ақшаны салуға болады. Ақша мөлшері сізге уайым алып келмейтін болуы шарт. Өйткені, қор нарығында қаражатты кез келген уақытта жоғалтып алуы қауіпі бар. IPO-ға инвестиция жасаймын деп, депозиттегі барлық ақшаңызды шешіп алмаңыз. Бұл өте қауіпті. 

3-қадам: Брокерлік шотқа ақша салу.

Әдетте шотты толтырғанда брокер алатын комиссияны ескеру керек. Ал ҚазМұнайГаз IPO-сында Jusan Invest инвестициялау мәдениетін қалыптастыру мақсатында осы IPO-ға қатысқаны үшін комиссия алмайды. IPO кезіндегі тарифтер туралы толығырақ білу үшін Jusan Invest ресми сайтына мына сілтеме арқылы өтіңіз.

Jusan қосымшасында брокерлік шотты толтыру үшін Төлемдер бөліміне өтіп, әрі қарай Қаржылық қызметтер - Jusan Invest - Брокерлік шотты толтыру қадамын жасайсыз. 

Одан кейін келесі қадамдарды жүзеге асырасыз: 

  1. Инвестициялағыңыз келетін соманы көрсетесіз;
  2. Брокерлік шотқа ақша аударатын, Jusan-дағы шотыңызды таңдаңыз;
  3. “Төлеу” батырмасын бассаңыз, ақша брокерік шотқа екі күнге жетпей түседі.

4-қадам: IPO бөлімінде қатысу үшін өтінім беріңіз. 

  1. IPO баннерін басыңыз;
  2. Берілген ақпаратпен танысыңыз
  3. “Қатысуды” бастыңыз;
  4. Егер өтінім қабылдау кезеңі басталса, сізге IPO-ға қатысу формасы ашылады. Ал әлі өтінім беру басталмаса, онда біз сізге міндетті түрде пуш түрінде немесе поштаңызға хабарлама жібереміз; 
  5. Қатысуға сұралған сома акция сатып алу күніне дейін, яғни листинге дейін бұғатталады;
  6. Листинг күні акциялар сіздің портфельде пайда болады. 

Әлемдік IPO тәжірибесінде “аллокация” деген түсінік бар. Ол кімге қанша акция бұйырады деген сөз. Егер акция сатып алуға ниетті адамдар саны қолда бар акциялардан көп болса, онда акциялар олардың сұраған сомасына пропорционалды түрде бөлінеді. 

ҚР Ұлттық компаниялар IPO-сында акциялардың басым бөлігі бір топ бай адам қолына өтіп кетпеуі және ритейл инвесторға жетпей қалмауы үшін әр қатысуға арналған лимит қойылады.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады

Сұрақтарыңыз бар ма?

Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады
qr
Jusan қосымшасы
Бір қосымша - көптеген мүмкіндіктер!
Jusan қосымшасында өзіңізге қажеттінің барлығын табасыз
Jusan қосымшасы
Бір қосымша - көптеген мүмкіндіктер!
Jusan қосымшасында өзіңізге қажеттінің барлығын табасыз