Акциялары биржада сатылатын, жария компания айналу шешімі - компания басшылығы үшін стратегиялық маңызға ие қадамдардың бірі. Компаниялар не үшін биржаға шығады деген сұраққа жауап беріп көрейік.
IPO-ға шығу себептері:
Компания биржаға шығуға көптеген себеп бар. Ал негізгілері келесідей:
-капитал тарту;
-жария компания опциондары мен акцияларынан қызметкерлерге өтемақы жасау;
-бренд қалыптастыру үшін және барынша көп аудиторияны қамту мақсатында;
-капиталдағы үлесімен басқа компанияны қосып алу үшін.
Қалай дегенмен, IPO компаниялар үшін инвесторлардан үлкен қаржы тарту мүмкіндігін береді. Ол әдетте банктен алатын несиеге қарағанда тиімдірек. Инвесторларға компаниядағы “үлес” беріледі.
IPO-дан кейін компания жекеден жария ұйымға айналады. Ал оның акцияларын биржада кез келген инвестор сатып ала алады.