IPO-ға қатысты терминдер сөздігі

Листинг күні

Бұл акциялар қор биржасында сатылатын уақыт. Листингке енгізілген күннен бастап акцияларды қор биржасында сатып алуға және сатуға болады.

Реестр жасау процесі (Book building process)

IPO кезінде компания акцияларына инвестор сұранысын анықтаудың жүйелі процесі.

Кейінгі жария орналастыру(Follow On Public Offer, FPO)

Қор нарығында акциялары сатылатын жария компанияның жаңа акцияларын шығару.

Жылдам шығарылым (Fast track issue)

Тез әрі экономикалық тұрғыда тез капитал тарту әдісі. 

Преференциал шығарылым (Preferential issue)

Компания акцияларының жабық күйінде сатуға шығару

Тікелей жария орналастыру (Direct public offering, DPO)
Компания андеррайтерге ақша шығындамай, IPO орнына, DPO өткізе алады. Бұл жағдайда компания андеррайтер қатысуынсыз инвесторларға тікелей өзі акция сата алады.
Дивидендтер

Акционерлерге берілетін ақшалай төлем. Оны көбінесе жыл сайын, ал сирек жағдайларда тоқсан сайын немесе ай сайын төлеуге болады. Дивиденд төлеу туралы шешім әдетте акционерлердің жиналысында дауыс беру арқылы қабылданады. 

Аллокация

Road Show

Қарапайым акция

Артықшылыққа ие акция

Биржа

Бағалы қағаздар сатылатын орын. Қарапайым тілмен айтқанда, мамандандырылған базар сияқты. Сіз өзіңіз биржаға барып, қалаған акцияңызды сатып ала алмайсыз, сізге ол үшін Jusan Invest сияқты брокер қажет.

Брокер

Реттеуші ұйымнан ресми лицензиясы бар биржадағы делдал. Жеке инвесторлар брокер арқылы биржада акциялар сатады және сатып алады. Әрине, брокер бұл қызметі үшін комиссия алады. 

Инвестициялық мақсат

Стратегия таңдауды анықтайтын инвестицияның мақсаты. Мақсат нақты, өлшенетін және уақытқа байланысты болуы керек.

Инвестициялық стратегия

Портфельді жинаудан бұрын инвестор дайындауы тиіс егжей-тегжейлі инвестициялық жоспар.

Әртараптандыру

Қаржылай қауіп-қатерді азайту үшін капиталды түрлі активтерге бөлу

Реинвестиция 

Инвестициядан түскен табысқа қайтадан акция сатып алып, инвестиция жасау

Сұрақтарыңыз бар ма?

Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады

Сұрақтарыңыз бар ма?

Өзіңіздің байланыс мәліметтеріңізді қалдырыңыз, сізге кез келген сұрақ бойынша консультация беру үшін біздің менеджер жақын арада хабарласады
qr
Jusan қосымшасы
Бір қосымша - көптеген мүмкіндіктер!
Jusan қосымшасында өзіңізге қажеттінің барлығын табасыз
Jusan қосымшасы
Бір қосымша - көптеген мүмкіндіктер!
Jusan қосымшасында өзіңізге қажеттінің барлығын табасыз