Әдетте IPO кезінде акциялар дисконтпен, яғни арзан бағамен сатылады. Сол себепті IPO-да акцияларды арзан бағамен сатып алып, сосын баға өскенде акцияларды сату арқылы жақсы табыс табуға болады.
IPO-дан түскен қаржыны компания әрі қарай дамуға және инновацияға салса, онда акция бағасы экспоненциалды түрде өсуі мүмкін. IPO инвесторлар үшін көбірек табыс табуға тамаша мүмкіндік береді. Мысалы, сіз 2004 жылы Alphabet ($GOOG) IPO-сына 1000 доллар салып, оның акцияларын 85 доллардан сатып алғаныңызда, қазір сізде 1 500 000 доллар болатын еді. Тағы бір мысал, Tesla ($TSLA) компаниясы 2010 жылы IPO-да бір акциясын 17 доллардан сатты. Егер сіз сол кезде 1000 долларға компания акциялары сатып алғаныңызда, бүгін сіздегі бағалы қағаздар құны 1 000 000 долларды құрайтын еді.
Егер сіз акцияларды сатуды ойластырмасаңыз, олар сізге дивиденд түрінде пайда түсіріп тұруы мүмкін.
Сәтті өткен Халықтық IPO-лар
ҚазТрансОйл акциялары онша өспесе де, компания дивидендттерді жақсы төлеп келді. Бұл өз кезегінде инвесторларды қуантпай қоймады.
KEGOC және ҚазАтомӨнеркәсіп те акционерлерге жақсы дивиденд төлеп келді. Бұл екі компанияның ҚазТрансОйлдан бір өзгешелігі, олардың бағалы қағаздары бастапқы бағадан біраз өсті.