IPO-ға қатысу дегеніміз - компания иелерінің біріне айналуды білдіреді. Ал ҚазМұнайГаздың IPO-сына қатысу арқылы cіз компания үлескеріне айналасыз.
ҚазМұнайГаз дегеніміз не? Ол Қазақстанның жер астындағы табиғи байлығы мұнайды өндіріп, басқа елдерге сатып, тасымал жасайтын компания. Одан түскен ақша ұлттық әл-ауқат қорына түседі.
ҚазМұнайГаз акциясын сатып алған соң сіз компания табысының бір бөлігін дивиденд ретінде алып отыруға құқылысыз. Дивиденд төлеу мәселесін компания акционерлері жалпы жиында шешеді. Егер IPО-ға қатыссаңыз сізді де сол жиынға шақырады. Тарихқа өңілсек, Халықтық IPO-ға шыққан компаниялар әдетте жақсы дивиденд төлейді. Осыған сәйкес, ҚазМұнайГаз да акционерлеріне дивиденд төлеу ықтималы жоғары.
Дивиденд, мұнайдан түскен табыстың бір бөлігін алу сияқты сөздер жақсы естілгенімен, IPO-ға инвестиция жасау қаншалықты маңызды? Инвестицияның қандай қаржылай қауіп-қатері бар? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға “Ұлттық компаниялар IPO-сы” мастер-класында айтамыз.
Тек ҚазМұнайГаз IPO-сына қатысу туралы емес, алдағы уақытта өтетін барлық Халықтық IPO-лар туралы толығырақ түсіндіріп көрейік.
Әрі қарай
Инвестиция, IPO сізге тез байып кетуге немесе тұрақты өсім болады деп кепілдік бермейді. Ертең акциялар бағасы қалай өзгеретіні туралы ешкім білмейді. Бағалы қағаздар құны бірден өсіп немесе құлауы да мүмкін. Биржа ешқандай кепілдік бермейді, ал салған ақшаңыз сақтандырылмайды.
Осы мәліметті естігенде сіз үшін ақшаны көбейтіп және сақтауға депозиттен артық сенімді қаржы құралы жоқ болып көрінуі мүмкін. Депозитті ҚДКҚ белгілі бір сомаға дейін сақтандырады. Ал депозиттің кірісі ресми инфляциядан жоғары.
Ал депозиттер ҚДКҚ арқылы сақтандырылған және депозиттердің кірісі ресми инфляциядан жоғары.
Ал негізінде депозиттен түсетін кіріс ресми инфляциядан жоғары болғанымен, тауарлар бағасының шынайы өсімі мен инфляция деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, флагмандық iPhone бағасы жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 20%-ға өсіп отырады.
Инвестиция - табысыңызды арттыру үшін жақсы мүмкіндік және ол арқылы инфляцияны қуып жетіп, тіпті басып озуға болады.
IPO-ға инвестициялап, акцияларды бастапқы бағамен сатып ала аласыз. Күшті компаниялар акциясы IPO-да сатылған бағадан төменге құлдырамайды.
Біз барлық ақшаңызды депозиттен алып, IPO-ға сал демейміз, Керісінше, сізде міндетті түрде депозит болуы керек.
Бірақ табысыңызды арттырудың ең тиімді әрі қауіпсіз жолы - ақшаны жан-жаққа салу. “Жұмыртқаның бәрін бір себетке салмаңыз” қағидасын ұстаныңыз. Бір бөлігін депозитте, бір бөлігін долларда, басқасын теңгеде, ал қалғанын қор нарығына инвестициялаңыз.
Егер қаржы құралдарының біреуі құлдырап жатса, екіншісі өсіп, сізге сол құлдыраудан келген шығынды өтеуі мүмкін.
Инвестициядағы тепе-теңдікті сақтау, IPO-ға инвестициялауды толық түсіну және қаржылай қауіп-қатерді барынша азайту жолдарын үйренгіңіз келсе келесі сабаққа өтіңіз.